«БЭСТ» гимназиясында 15-25 қыркүйек аралығында Тілдер апталығы өтті. Апталықтың алғашқы күні Тілдер апталығының ашылуына байланысты 10 «в» сыныбының дайындауымен салатанатты жиналыс өткізілді. Тілдер апталығында «Ұлт дәстүрі-заңнан биік» атты қазақ халқының қолөнер көрмесі өтті. Бұл көрмеге қазақтың ұлттық аспабы домбыра, астау, бесік т.б. бұйымдар қойылды. Сәрсекеева Р.Қ. Ильяшева Г.А. ұйымдастыруымен 6-7 сыныптар арасында «Көп тіл білу өнер» атты викториналық сайыс өткізілді. Бұл сайыста 7 «в» сыныбы І орын,6 «а» сыныбы ІІ орынды иеленді. Жоғары сыныптар арасында «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тіл ғылымының негізін қалаушы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.Екі ауысымда да үлкен қоңырау арасында ұстаздардың ұйымдастыруымен «Ән-көңілдің ажары» атты әндер марафоны 5-7 сыныптар мен 8-11 сынытар арасында өткізілді.Бұл марафонда оқушылар қазақ тілінде әндер орындады. Мұқанова Н.Ғ. Калимова Ә.Ғ. 10-сыныптар арасында «Түсін мені» атты танымдық ойын өткізді. Хамзина А.М. 8-9 арасында «Сүйемін туған тілді анам тілін» атты поэзия минутын өткізді.Оқушылар өздері тіл туралы жаттаған өлеңдерін айтып берді.Екінші қабатқа "Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты қабырға газеті ілінді.Тілдер апталығының соңғы күні 11-сынып оқушылары өздерінің дайындаған әндерін айтып,қазақтың ұлттық тағамы бауырсақтан дәм татқызды.