"Дені саудың -жаны сау"
Әдебиет сабағында "Дені саудың -жаны сау" тақырыбын зерделеу аясында 2 "В" сынып
оқушылары "Біздің өміріміздегі спорт"атты жоба – зерттеу жүргізді. Балалар "диетологтар",
"дәрігерлер", "психологтар"топтарына біріктірілді. Әр топ өз сұрақтарын қарастырды, қажетті
ақпаратты іздеді, талқылады және таңдады. Бұл жұмыстың нәтижесі ақпараттық газеттер және
оларды қорғау болды. "Диетологтар" - дұрыс, әр түрлі және теңдестірілген тамақтануды
ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді. "Дәрігерлер" - кәсіби спортпен шұғылданудың оң және
теріс жақтары туралы қорытынды ұсынды. "Психологтар" - "командалық рух" өрнегінің мағынасын
түсіндірді, спортшының қандай қасиеттерге ие болуы керектігін және оларды командада қалай
тәрбиелеу керектігін айтты. Топтық жұмыс қызықты болды. Қызу талқылау кезінде әр оқушы
жұмысының қорытындысын өздері шығарды.

Просмотров: 166
Комментарии