Білім алушылар ұйымда белгіленген киім нысанын сақтауға міндетті:
Ұлдарға арналған киім жиынтығы мектеп формасы ретінде оқушының таңдауы бойынша шалбардан, кеудешеден, пиджактан, қара түсті пуловерден, ашық түсті жейдеден немесе жұқа күртешеден тұратын қара түсті костюм, қара түсті классикалық ауыстырмалы туфли, классикалық модельдік шаш қию үлгісін орнату;
Қыздарға арналған киім жиынтығы мектеп формасы ретінде оқушылардың таңдауы бойынша белдемшеден, шалбардан, сарафаннан, қара түсті пиджактан, қыздарға арналған жейдеден (блузкадан) немесе ашық түсті жұқа күртешеден тұратын киім жиынтығын, классикалық модельді ауыстырмалы аяқ киімді, классикалық іскерлік шаш үлгісін орнату.