Жол қозғалысын басқару диаграммасы
«БЭСТ» гимназиясында 15 мұғалімнен құралған «Мемлекеттік тіл» кафедрасы өз жұмысын атқарып келеді. Білім саласындағы жоғары талаптар мен жаңашылдықтар біздің ұстаздардың да үнемі тәжірибелерін шыңдап, білімдерін арттырып отыруға жетелейді. «Мемлекеттік тіл» кафедрасының ұстаздары жыл сайын түрлі деңгейлі семинарлар мен форумдарға қатысып, тәжірибе алмасады. Соның нәтижесінде өткен оқу жылында өз тәжірибелерінің үздік сабақтарын жарияланымға ұсынып, жинақ ретінде баспадан шығарды. Жыл сайынғы қалалық, облыстық пән олимпиадаларынан оқушыларымыз жүлделі орынмен келеді. 2019-2020 оқу жылында қалалық кезеңде 6 жүлделі орын иеленсе, облыстық кезеңде қазақ тілінен 2 жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ М.Қозыбаев атындағы СҚУ ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында өткен олимпиадада 5 жүлделі орынды иеленді. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қалалық білім бөліммен ұйымдастырылған мәнерлеп өлең оқу сайысында 2 жүлделі орынға ие болды.
Кафедра ұстаздары оқушыларды шығармашылық ой-өрістерін арттыруға ат салысады. Ғылыми және шығармашылық жобалар сайысында оқушыларымыз 3 жүлделі орынды иеленді.
Сондай-ақ мектеп оқушылары қазақ тілінен өткізілетін республикалық қашықтық олимпиадаларға белсенді қатысады. Әсіресе, КИО, «Tio.kz», «Зият» республикалық олимпиадаларында жоғары нәтижелер көрсетуде.
Мемлекеттік тілді игеруге ынталандыру, тіл мәртебесін көтеру мақсатында гимназияда жыл сайын Қазақстан халқы тілдері күніне орай іс-шаралар жоспарланып, мектеп оқушылары белсене қатысады. Интеллектуалды сайыстар мен ойындар, ән марафондары өтеді.
Жаңартылған білім беру аясында кафедра мұғалімдері әдістемелік бірлестік ішінде шығармашылық фокус-топтар құрып, зерттеушілік жұмыспен де айналысып жүр.
Әр оқу жылында оқушыларға сапалы және қолжетімді білім беру, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын артыру мақсатында міндеттер жүктеледі. Биылғы оқу жылында аталған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Мектеп мұғалімдері өз білімдерін арттыру, кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында «Sana-iq» орталығымен өткізілген семинарларға қашықтық түрде қатысып, сертификаттармен марапатталды.