Меню KDT

Қайырлы күн!

Бүгін, мамырдың төрті, бейсенбі. Баршаңызды өткен бірінші мамыр мерекесімен құттықтаймыз. Қазақстан халықтарының бірлігі, достығы, ынтымағы жасай берсін!

     Сіздерді осы аптада болған және болатын жаңалықтармен таныстырып өтейін.

  1. Сәрсенбі, үшінші мамыр «Волонтерлік отряд» балалар үйіне концерттік бағдарламамен барып қайтты . Және балаларға спорттық бұйымдар сыйға тартылды. Жетекші Дмитриева Ольга Геннадьевна.
  2. Мамырдың алтысы алтыншы сыныптарда әлемтану бойынша викторина өтті. «Оқушылар әлем елдері мәдениеттері бойынша өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді», - дейді өткізген ұстаз Волкова Ксения Александровна.
  3. 7 – сыныптар арасында «Безопасное колесо» сайысы өтуде.
  4. Бейсенбі, төртінші мамыр қалалық «Мағжан оқулары» сайысы өтеді. Мектептің намысын қорғауға оныншы «а» сынып оқушысы Жазетова Жанель барады. Жетекші Баженова Арайлым Науқанқызы.
  5. Жұма күні сегізінші «а» сынып оқушылары «Бұл Жеңіс күні» атты сыныптан тыс іс-шара өткізеді. Келіп қатысуларыңызға болады.
  6. Сенбі, алтыншы мамыр, «Отан қорғаушылар күні» атты спекталь өтеді. Келушілерге есік ашық.

    Спорт жаңалықтары.

  1. Өткен аптада Шахматтан қалалық оқушылар спартакиадасы өтті. Біздің мектеп командасы бірінші орын алды. Команда құрамы: Пуртов 8 «б», Пашков 10 «в», Кожикова 7 «в», Шарабарин 5 «в».
  2. Сәрсенбі мен сенбі аралығында «Жазғы президенттік көпсайыстан» қалалық спартакиада өтті. Мектеп командасы үшінші орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Бараков, Бегляров, Сальникова, Данченко, Лобонец, Гатыч. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.
  3. Ертең, жұма, «Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған журналистерге естелік» атты қалалық эстафета өтеді. Спортшыларымызға жеңіс тілейміз.

  Келесі аптада екі үлкен мемлекеттік мереке аталып  өтіледі. Жетінші мамыр - Отан қорғаушылар күні. Биыл Ұлттық Қарулы күштердің құрылғанына жиырма бес жыл. Соған орай, Астана қаласында үлкен шеру  өтеді деп жоспарлануда.

Тоғызыншы мамыр – Жеңіс күні. Биылғы жылы Жеңістің жетпіс екінші жылын тойлаймыз. Бұл Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтейтін қасиетті мереке.

 Халықтар өмірді қорғайды,

 Бейбітшілік  ұранын қолдайды.

 Шырқаңдар, кел достар, әр елде,

Бейбіт күн жасасын әлемде!

  Алдағы демалысатырыңыз сәтті өтсін деп, мен сіздермен қоштасамын.

                                                        Оқыған Саликова Айша



Просмотров: 827

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Директор гимназии Арыкпаева Г.А.

Опрос

Статистика

  • За месяц418
  • За неделю74
  • Вчера7
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки